Біздің мектептің спортшылары — әлем чемпиондары!
Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы стенд атудан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске қол жеткізді.
Қыздар арасындағы «трап» жаттығуында командалық есепте Қазақстан құрамасы 337 ұпаймен әлем чемпионы атанды! 🥇
Бұл жеңіске мектебіміздің екі спортшысы үлес қосты:
Элеонора Ибрагимова — Алматы қаласы
Мария Горун — Алматы қаласы
Бұл — спорт мектебіміз үшін үлкен мақтаныш!
Әлем чемпионатына 63 елден 778 спортшы қатысуда.
Мектебіміздің спортшылары Элеонора Ибрагимова мен Мария Горунды, жаттықтырушыларды, Қазақстан құрамасын және осы тарихи жеңіске үлес қосқан барша жанды шын жүректен құттықтаймыз!




