Ибрагимова Элеонора Лонатодағы ISSF Әлем кубогында

Стенд ату бөлімінің спортшысы Ибрагимова Элеонора қазіргі таңда Италияның Лонато қаласында өтіп жатқан ISSF Әлем кубогының кезеңіне қатысуда.

Лонато жыл сайын әлемнің үздік мергендерін жинайтын және халықаралық стенд атудың басты орталықтарының бірі саналады. Әлем кубогының кезеңі маусымдағы ең беделді жарыстардың қатарына кіреді және спортшыларға халықаралық тәжірибе жинақтап, шеберліктерін шыңдап, әлемдік рейтингтегі өз орындарын нығайтуға мүмкіндік береді.