
«№5 Мамандандырылған кешенді балалар мен жасөспірімдер спорттық-техникалық мектебі» МКҚК
Спорт мектебі 1990 жылы 18 шілдеде «№24 әскери-техникалық спорт түрлері бойынша кешенді балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» болып құрылды. 2001 жылы «№5 мамандандырылған кешенді балалар мен жасөспірімдер спорттық-техникалық мектебі» болып қайта аталды.
Спорт мектебінде спорттың 10 олимпиадалық түрі дамытылады.
Негізгі мақсаты:
1)оқушыларды спорт түрлеріне үйрету және адамгершілік-ерік жігер қасиеттерін тәрбиелеу.
2)оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту;
3)оқушылардың белгілі бір спорт түріне қабілетін анықтау;
Спорт секциясына қалай жазылуға болады?
Сіз электронды спорт сайты арқылы тегін оқуға өтініш бере аласыз. Сайттағы қосымша ақпарат: Meteor-almaty.e-orda.kz
Сіз тек Бос орындар болған жағдайда ғана бөлімге өтініш бере аласыз.
балалар мен жасөспірімдерге арналған
ТЕГІН
орындар саны шектеулі



















