Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 16-бабы 3-тармағына және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі институтын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, Алматы қаласы Спорт басқармасының «№5 мамандандырылған кешенді балалар мен жасөспірімдер спорттық-техникалық мектебі» МКҚК-да (бұдан әрі – Кәсіпорын) 2024 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі құрылды.
Комплаенс-қызметі туралы бекітілген Ережеге сәйкес, Кәсіпорында азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе ықтимал мүмкіндіктері туралы хабарлай алатын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізе алатын ақпараттандыру арналары құрылды.
Маңызды ақпарат!
Егер Сіз Кәсіпорын қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің куәсі болсаңыз немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына тап болсаңыз, сондай-ақ Кәсіпорын қызметіне қатысты түрлі мәселелер бойынша делдалдық қызметі үшін ақы талап ететін немесе басқа да заңсыз қызметтерді ұсынатын тұлғалармен кездессеңіз, Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне келесі байланыс арналары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз:
Жұмыс телефоны: +7 727 293-07-46;
Мобильді телефон: +7 778-144-16-88 (WhatsApp);
Ауызша және жазбаша өтініштер дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қарауға қабылданады. Электрондық байланыс құралдары арқылы жолданған ақпараттар мен хабарламалар тәулік бойы қабылданады.
Жүктеп алуға арналған құжаттар:
Алматы қаласы Спорт басқармасының «№5 МАЖСБМ» МКҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі. 2026 жыл
Жүктеп алуға арналған құжаттар:
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ

