Әмзе Мирас дзюдодан Қазақстан чемпионатында күміс медалін жеңді

Қарағанды қаласында 2026 жылдың 26–30 наурыз күндері өткен дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында мектебіміздің спортшысы Әмзе Мирас жоғары нәтиже көрсетті.

2011–2012 жылдары туған жасөспірімдер арасында 73 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Мирас жүлделі II орынды иеленді 🥈

Спортшымызды осы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ оның жеке бапкері Кусайнов Муратқа зор алғысымызды білдіріп, толағай табыстар тілейміз!