Әсем Орынбай Әлем кубогында әлемдік рекорд орнатты

2026 жылғы 2–11 мамыр аралығында Алматы облысында, Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Әлем кубогының рейтингтік кезеңі өтті.

Мектебіміздің түлегі, Алматы облысының намысын қорғаған Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алып, финалда 36 нысананың 33-ін дәл көздеп, әлем рекордын орнатты.

Біздің спорт мектебінен «трап» дисциплинасы бойынша Горун Мария мен Ибрагимова Элеонора өнер көрсетті.

Мария 125 нысананың 113-ін дәл көздеп, Қазақстан Республикасы спорт шебері нормативін орындады.

Әлем кубогының рейтингтік кезеңіне әлемнің 42 елінен 550-ден астам спортшы мен ресми делегация өкілдері қатысты.

Турнир спортшылардың халықаралық рейтингін арттыруға, 2028 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеуге, сондай-ақ стенд ату спортын дамыту мен насихаттауға бағытталған.

Жарыс барысында ату алаңында төрт әлемдік рекорд тіркелді.

Жаттықтырушы: Молчанова А.В.