Анталия қаласында (Түркия Республикасы) өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен халықаралық «Victory Cup» турнирінде мектебіміздің спортшысы Асқар Нұрали 60 кг салмақ дәрежесінде 🥇 алтын медаль жеңіп алып, сенімді түрде бірінші орынды иеленді.
Асқар Нұралидің халықаралық аренадағы жеңісі — еліміз үшін үлкен мәртебе және мақтаныш. Бұл — Отанымызды лайықты таныстырудың, қазақстандық спортшылардың күш-жігері мен жеңіске деген ұмтылысының жарқын дәлелі. Осындай жетістіктер мемлекетіміздің абыройын арттырып, жас ұрпақты жаңа белестерге жетуге шабыттандырады.
Елімізді қуантқан осы нәтижемен чемпионымызды, жаттықтырушыны және осы жеңіске үлес қосқан барлық жандарды шын жүректен құттықтаймыз!
Жаттықтырушы: Сарсебеков С.С.




