2026 жылғы 24 маусымда Германияның Зуль қаласында өткен спорттық атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында мектеп спортшысы Элеонора Ибрагимова қыздар арасындағы «трап» жаттығуында күміс медаль жеңіп алды.
Чемпионат 16–26 маусым аралығында өтіп жатыр. Әлемнің 63 елінен 778 спортшы қатысуда, оның ішінде Қазақстан намысын 26 мерген қорғайды.
24 маусымдағы жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 4 медаль жеңіп алды: 2 алтын және 2 күміс.
Элеонора Ибрагимованы және жаттықтырушыларын жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!




