№5 МКБЖСТМ жүзу жаттықтырушылары біліктілік арттыру курсында

№5 МКБЖСТМ жүзу бөлімінің жаттықтырушылары біліктілікті арттыру курсынан өтуде.

Оқытудың алғашқы күндерінде қатысушылар оқу-жаттығу процесін жоспарлаудың заманауи тәсілдерін, балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық ерекшеліктерін, спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарын, сондай-ақ жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру талаптарын зерделеді. Бағдарламаның келесі кезеңі спорттық тамақтану, спорт психологиясы, жарыс нәтижелерін талдау және жүзу спорты бойынша практикалық әдістемені жетілдіруге арналған.

Курсқа мектебіміздің жаттықтырушылары қатысуда: Қапашов Б.А., Ауесхан У.К., Тілеп Ш.Д., Жусіпбеков Б.Ғ., Тасқынұлы Н., Базилжанов Е.С., Ташаухан Д.Б. және Канатұлы Ж. Біліктілікті арттыру курстары жаттықтырушылардың кәсіби білімін жетілдіруге және спортшыларды даярлауда заманауи әдістерді енгізуге мүмкіндік береді.