Қазақстанда «Болашақ ойындары 2026» халықаралық турнирі өтеді!
2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында әлемнің 50 елінен 900-ден астам қатысушы Астанада бас қосады.
Бағдарламада:
фиджитал-футбол
фиджитал-баскетбол
шутерлер
жекпе-жектер
фиджитал-би
Dota 2 және өзге де MOBA дисциплиналары
Жалпы жүлде қоры — 4 млн АҚШ долларынан асады.
Турнирге 100 мыңнан астам көрермен келеді деп күтілуде.
«Болашақ ойындары 2026» — технология мен дәстүрлі спортты біріктіретін жаңа буын жарысы.
Қазақстан жаһандық фиджитал қозғалысының маңызды орталықтарының біріне айналуда.




