Алматы қаласы денешынықтыру және спорт басқармасының «№5 Мамандандырылған кешенді балалар мен жасөспірімдер спорттық-техникалық мектебі» МКҚК

Алматы қаласы денешынықтыру және спорт басқармасының «№5 Мамандандырылған кешенді балалар мен жасөспірімдер спорттық-техникалық мектебі» МКҚК

Спорт мектебі 1990 жылы 18 шілде күні «№24 Әскери-техникалық спорт түрлерінен кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» болып ашылған. 2001 жылы «№5 Мамандандырылған кешенді балалар мен жасөспірімдер спорттық-техникалық мектебі» болып өзгертілді.

Спорт мектебінің негізгі мақсаттары:

      1) оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;
      2) оқушылардың белгілі бір спорт түріне қабілетін анықтау;
      3) оқушыларды спорт түрлеріне оқыту және моральдық-ерік қасиеттерін тәрбиелеу.

Спорт мектебінің негізгі міндеттері:
      1) оқушылар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дене мүмкіндігінің жетілуіне бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асыру;
      2) жалпы білім беру мектептерінде және басқа да білім беру мекемелеріне спорт мектебінде жүргізілетін спорт түрлері бойынша әдістемелік және спорттық-бұқаралық жұмыстарға жан-жақты көмек көрсету;
      3) спорт резервін, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық құрама командаларға үміткерлер даярлауды қамтамасыз ету және спорт мектептерінде жоғары дәрежелі спортшыларды тәрбиелеу.
Спорт мектебінде 10 олимпиадалық (жүзу, суға секіру, су добы, әртістік жүзу, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, стен ату, нысана көздеу, садақ ату) және 2 олимпиадалық емес спорт түрі (спорттық туризм, спорттық бағдарлау) дамытады.

Біздің мақтаныштарымыз:

Дмитрий Баландин-жүзуден «Рио-де-Жанейро-2016» Олимпиада ойындарының жеңімпазы.

Александра Ле-нысана көздеуден «Париж-2024» Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Ислам Сатпаев- нысана көздеуден «Париж-2024» Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.